Сұрақтар, жауаптар

Қалай қатысу керек?
Жақсылық Бумерангі жобасына қатысу үшін тіркеуден өту керек. Егер сіз қатысқан болсаңыз, онда сіздің есеп жазбаңыз сақталады және сізге портфелге кіріп, қатысуыңызды растасаңыз болады. Егер сіз өз пароліңізді есте сатай алмасаңыз, онда порольді қалпына келтіру функциясын пайдалана аласыз.
Мекенжайды алғаннан кейін сыйлықты қайда жөнелту керек?
Профиліңізге кіргеннен кейін сізге алушының генарация функциясы қолжетімді болады. Оған басқан кезде жүйе сыйлықты жөнелту үшін деректерді береді. Сіз бірнеше сыйлықты бірден жөнелте аласыз Бұл үшін бірнеше алушыларды генерациялау қажет болады.
Сыйлық қанша тұруы тиіс?
Біздің жоба тек жақсы көңіл күй үшін жасалған және барлық қатысушылардың тек адалдығы есебінен жұмыс істейді. Сыйлықтың бағасы маңызды емес және сіздің мүмкіндігіңіз бен қалауыңызға ғана байланысты. Қолмен жазылған жаңа жылдық сыйлық пен ескерткіш кәдесыйды алу кімге болса да ұнайтынына біз сенімдіміз, өйткені ең бастысы - бұл көңіл аудару және жақсылық бумерангін іске қосу.
Мен сыйлықты алмадым, не істеуім керек?
Өкінішке қарай ұйымдастырушылар жобаға қатысушылардың барлығының адалдығына кепілдік бере алмайды, сондықтан да кейбіреулердің ештеңе ала алмай қалуын мойындауға болады. Біз барлық процесті бақылауға және ұйымдастыруға тырысамыз, бірақ көп жағдай қатысушылардың адалдығына байланысты. Дұрыс көрсетілмеген мекенжай туралы да ұмытпаған жөн, бұл кең тараған проблема болып табылады. Қандай жағдайда болмасын, біз сыйлық алудан ғана емес, мүлдем бейтаныс жанға жаңа жылдық көңіл күй сыйлауға шақырамыз.